Су тасқынының салдарын жоюға белсенді қатысқан бірнеше ақтөбелікке ведомоствалық марапаттарды табыстады. Оларға Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісінің алғыс хаты, «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі берілді.

Сонымен бірге «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі, Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы және алғыс хаты, облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.