Хромтау ауданында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған бірқатар мерекелік шара өтті. Ұжымдық мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатарға қосылған жас қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады. Аудандық мекемелер арасында футболдан жолдастық турнир өтті. Жыл бойы өзінің мүлтіксіз қызметімен көзге түскен мемлекеттік қызметшілер түрлі деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталды.