Кеше Орталық стадионда Премьер-лиганың 12-туры аясында "Ақтөбе" мен "Шахтер" арасында ойын өтті. Ақ қызылдар өз алаңында қарағандылық команданы 1:0 есебімен ұтты. Ойынның 70-ші минутында қорғаушы Габи Кикидің шығарып берген добын, Дорни Ромеро бірнеше қарсыласын алдап өтіп, қақпаның сол жақ бұрышынан дөп тигізді. Осылайша кездесу Ақтөбенің жеңісімен аяқталды. Қазір команда 22 ұпаймен кестеде екінші орынға табан тіреді.