Өңірде мемлекеттік қызметшілер арасында шахматтан жарыс өтті. Бұл республикалық сайыстың облыстық кезеңі. Бұған дейін аудан, ауыл қызметкерлері арасында іріктеу өткен болатын. Нәтижесінде 16 адам облыстық кезеңде өзара бақ сынады. Жарыс жеңімпаздары республикада өңір намысын қорғайтын болады.