Мәртөкте де «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Оған 200-ден аса аудан тұрғыны үлес қосты. Экологиялық акцияны Мәртөк ауданының әкімдігі Amanat партиясымен бірлесіп ұйымдастырға. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өткен акцияны мәртөктіктер енді әр бейсенбі сайын да ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Айтып өтейік, қоқыс полигонына барлығы 94 тонна қоқыс шығарылды.