Темір ауданында жыл өткен сайын жол сапасы жаңарып келеді. Ауылдардың кіре берісіне де тақтайдай тегіс тас жол төселді. Биылдың өзінде төрт ауылдың орталық көшелерін жөндеп, кірер жолды жөндеу жоспарланған. Мәселен, Ақсай ауылындағы жол жұмыстарын тамыз айына дейін тапсыру жоспарланған.