50 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Ырғыз ауданында 50 үйдің құрылысы басталды. Бұл үйлер салынып біткен соң, су тасқынынан зардап шегіп, баспанасыз қалған ауыл тұрғындарына беріледі.
Мердігерлер құрылыс жұмыстарын шілде айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.