Апта басында Байғанин аудандық мәдениет үйінде "Елім менің" атты патриоттық әндер байқауы өтті. Өнер додасының облыстық кезеңінде өңірге қарасты аудандар мен қаладан келген өнерпаздар бақ сынады. Ал ақтық кезеңде жүзден жүйрік шыққан күміс көмей жас дарындар жүлдегер атанды.