Көпсалалы стационардың күнделікті жұмысын цифрландыру, сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлері мен инсульт орталығының жұмысын әрекеттестіру. Бұл аталған екі пилоттық жоба өңірде жарты жылдан бері жүзеге асырылып жатыр.

Жоба өз кезегінде Ақтөбе медициналық орталығы мен Жедел жәрдем бөлімін байланыстырады. Нақтырақ айтсақ, шұғыл медициналық көмекке зәру науқастың барлық мәліметтерін, ауруханаға жетемін дегенше жылдам тіркеу.

Бүгін Астанадан келген "Адам қауіпсіздігі институты" серіктестігі өкілдері жобаның нәтижесін таныстырды. Қорытындыға сәйкес, жоба 400-дей ақтөбелік науқасқа шұғыл көмек көрсетуге сеп болған.