Ақтөбе техника - технологиялық колледжінің ашылғанына биыл 20 жыл. Жас оқу орны болса да бұл күні колледждің жеткен жетістігі жетерлік.

Мамандықтарына сұраныс жоғары. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 90 пайызды құрайды.

Аймаққа білікті мамандардың ұстаханасы ретінде танылған колледж бүгін мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.