Вице-министрмен бірге өңірге газ шаруашылығы дамуы департаменті басшысының орынбасары да келді. Елтай Жұмабайұлы 1 шілдеден бастап сұйытылған газ бағасы өсетінін жеткізді. Сұйытылған газ бөлшек бағада 10 пайызға қымбаттап, бағасы 59 теңгеге жетеді. Айтып өтелік, облыста 58 мың көлік газбен жүреді.