Негізгі Жаңалықтар АУЫЛ БАЛАЛАРЫ ҚАЛАДА ДЕМАЛЫП ЖАТЫР

АУЫЛ БАЛАЛАРЫ ҚАЛАДА ДЕМАЛЫП ЖАТЫР

Су тасқыны кезінде жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланған аудан, ауыл балалары қалада тынығып жатыр. Алғашқы ауысымда Темір, Ойыл, Мұғалжар аудандарының 200-ден астам баласы лагерьге келді. Ал екінші ауысымда 240-тан астам бала қамтылды. «ТАЛАНТ ТУР-2024» мәдени-ағартушылық, танымдық жоба қатысушылары қаладағы лицей – интернаттарға орналастырылды. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы, музыка мектебі мерекелік концерт ұйымдастырып, мектеп психологі тренинг-жаттығулар жүргізді. Балалар бос уақытын тиімді пайдаланып, тамаша табиғат ғажайыптарымен тілдесуге, спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды.


Бөлісу