16 маусым күллі мұсылман жұрты үшін қасиетті саналатын Құрбан айттың алғашқы күні. Бұл күні барлық өкпе-реніш кешіріліп, жұртшылық бір-бірін мерекемен құттықтайды. 


Облыстағы мешіттерде таңғы сағат 6-да айт намазы оқылады. Қалалық орталық мешітте де ертемен киіз үй тігіліп, мерекелік шаралар өтеді. 


Ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылады. Ал құрбандық шалушылар Айт намазынан кейін мал сойып, мұқтаж жандарға таратады. Оның өзіндік ережесі бар