Ертең - соңғы қоңырау. Балалар 3 ай демалысқа шығады. Осы уақытта олардың түрлі бұзақылық пен қылмыстан аулақ болуы үшін полиция департаменті және білім басқармасының өкілдері жастармен кездесу өткізді. "Болашақ.Қоғам.Тұлға" деген атпен өткен шарада тек ақыл-кеңес айтылып қоймай, буллинг, лудомания, өз-өзіне қол жұмсау сынды қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланды.