Пхукет - Ақтөбе бағытындағы ұшаққа мінген жолаушы сырқаттанып қалды. Оның тырысқақ ауруы бары анықталды. Жолаушы қалаға жеткен бойда эпидемияға қарсы жедел іс-шара жүргізу қажет. Бұл бүгінгі әуежай қызметкерлерінің, медициналық ұйымдардың және санитарлық - эпидемиологиялық бақылау бөлімі мамандарының оқу-жаттығуындағы жағдаят. Мамандар қойылған міндетті атқара алды ма? Арнамыздың түсірілім тобы көріп келді.