"Мәдениет және өнер қызметкерлері" күніне орай осы салада көп жыл еңбек етіп келе жатқан жандар марапатталды.

Салтанатты шарада ешбір сала елеусіз қалған жоқ.

Талай хан мен бидің бейнесін тірілткен театр актерларына да, қалам ұстаған ақынға да, еңбегі көзге көрінбейтін сахна сыртындағы маңызды мамандарға да лайық құрмет көрсетілді.

Марапатталған 70-ке жуық қызметкердің қуанышты сәтіне арнамыздың түсірілім тобы куә болды.