Мүгедектігі бар адамдардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында әлеуметтік жоба басталды. Жобаға 18 жастан асқан мүгедектігі бар, сондай-ақ әлеуметтік осал топ мүшелері өтініш беріп, қатыса алады.

Мұнда қатысушылар цифрлық сауаттылықтан бөлек, заман талабы қажет ететін SMM, веб-дизайнер, жасанды интеллектті қолдану сынды бірқатар мамандықтарды игереді.

Аталған жоба республиканың түкпір-түкпірінен 200-ге тарта қатысушыны қамтымақ.