Жыл басынан бері мопед мініп, жол апатына түскен 6 дерек тіркелді. Салдарынан алты адам дене жарақатын алды. Оның біреуі кәмелет жасқа толмаған бала. Жол қозғалысы туралы заңда көрсетілгендей: скутер, мопед тізгіндеушілерге арналған 8 қағида бар. Мопед жүргізу үшін жасыңыз 16-дан асуы тиіс. Рульді міндетті түрде екі қолмен ұстау қажет.


Жолаушы тасымалдау үшін арналған орны болмаса артық адамды мінгестіруіне шектеу қойылған. Ал жүк таситын мүмкіндігі бар мопедтер ені мен ұзындығы 50 сантиметрден аспайтын затты ғана алып жүре алады.


Мопедпен тек қана жолдың оң жақ жиегінде жүруге болады. Сондай-ақ мопедке қандай да бір көлік түрін тіркеп сүйреуіне қатаң тыйым салынған. Ал, оны ескермегені үшін биылдың өзінде 300-ден астам мотокөлік иесі әкімшілік жауапқа тартылып, 25-і айыппұл тұрағына қойылды.