Облыстың жеті ауданында шегіртке дернәсілдерінің алғашқы шығуы тіркелді. Олар Ырғыз, Мұғалжар, Ойыл, Байғанин, Шалқар, Темір, Қобда аудандары. Бұл аумақтарда мамырдың он бесінен бастап химиялық өңдеу жұмыстары басталды. Бүгінге дейін 10 мың гектардан астам аумақ өңделді. Қазір 30 жер үсті бүріккіштер мен 7 аэрозолдық генератор, 3 ұшақ зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына жұмылдырылған.