Облыс әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Республикасындағы халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі Қытай комитетінің бас өкілі Чэнь Хунцянмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Облыс әкімі бас өкілге «Ақтөбе» индустриалдық аймағында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді. Келер жылы мұнда жалпы инвестиция көлемі 16 млрд теңге болатын 10 жаңа жоба іске асырылады.
Соның нәтижесінде өңірде 667 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал Чэнь Хунцян екіжақты тауар айналымының өсуін ынталандыру және сауда-экономикалық ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру жөніндегі шараларды қолдайтынын жеткізді.
Айта кету керек, биыл бірінші тоқсанында Ақтөбе облысының Қытай Халық Республикасымен сыртқы сауда айналымының көлемі шамаме 222 млн АҚШ долларын құрады.