Облыстық перинаталдық орталық су жаңа ретиналды камерамен толықты. Заманауи қондырғы жаңа туған нәрестелердің көру қабілетін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе шала туған шақалақтардың көз жанарындағы ақауды анықтап, уақытылы емдеуге тиімді болмақ. Заманауи диагностикалық жабдықты банк қолдауымен "Аяла" қайырымдылық қоры сыйға тартты.