Жазғы демалыс балалардың асыр салып, көп уақытын далада өткізетін кезі. Бірақ ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруына болмайды. Биыл өңірде кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен 29 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 бала мерт болған.