"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" арасындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары маусымда аяқталады. Бұл жұмыстарға барлығы 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Жөндеу жұмыстарына 25 техника, 33 жұмысшы жұмылдырылған. Айтып өтейік, бұл жол қайта салынады. Құрылыс кезінде жол 7 учаскеге бөлінген. Бүгінде бір учаскенің жобасы мақұлданып, жұмыс басталды. "ҚазАвтоЖол" компаниясы жаңасы қолданысқа берілгенше ескісін жөндеуді жалғастыра бермек.