Облыс әкімі халықаралық инвесторлар кездесу өткізді. Басқосуда өңір басшысы «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жобасы аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды талқылады. Әсіресе энергетика, экология, креативті индустрия және инновациялық технологиялар салалары маңызды. Кездесу барысында өндіріс саласындағы қауіпсіздік мәселелеріне және өңірдің экологиялық сын-қатерлерімен күресу үшін жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды.