Өңірге жұмыс сапарымен су ресурстары және ирригация министрі келді. Нұржан Нұржігітов алдымен Ақтөбе су қоймасына барды. Министр төтенше жағдайды реттеу бойынша атқарылып жатқан істерді көріп, "Казгидромет" болжамы бойынша алдағы күндерге нақты жоспар құрылатынын айтты.