11-ақпан БҰҰ-ның шешімімен ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні болып жарияланған. Осыған орай С.Бәйішев атындағы облыстық-ғылыми әмбебап кітапханасында "Ғылымның кілті әйелде" атауымен аталмыш салада өлшеусіз үлес қосып жүрген нәзік жандылармен кездесу өтті.