Облысының әкімі Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бейнежазба жариялады. Онда өңірдегі авариялық-құтқару жұмыстарына тоқталды. Бұл жұмысқа 46 полиция жасағы, төтенше жағдай, әскери бөлімдер мен жергілікті атқарушы органдардан 81 бірлік техника, 211 жеке құрам тартылған. Облыстың 8 ауданының орталығында 11 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.