Қаладағы "Шолпы" қыз балалар клубының мүшелері № 50-ші орта мектептің оқушыларымен кездесті. Тәлімі мол шарада инабатты, ибалы қыз тәрбиелеудің маңызы айтылды. Ал кәсіби медиаторлар оқушыларға салт-дәстүріміздегі қызды қырық үйден тыюдың талаптары мен ережелерін ұстану турасында кеңес берді.