Сондай-ақ Жекпе-жек сарайында қала әкімінің шыршасы өтті. Оған шаһарда тұратын 200 бала қатысты. Жасыл шырша жанын қойылымға айналдырған ертегі кейіпкерлері кішкентай көрермендерге түрлі көрініс ұсынды. Бүлдіршіндермен ойын ойнап, би билеп, ән шырқады.