Облыстық ғылыми кітапханада "Ымырттағы кітапхана" дәстүрлі әлеуметтік-мәдени шарасы аясында "Гендірлік теңдік- уақыт талабы" танымдық сағаты өтті. Қоғам өмірінің барлық саласында ерлер мен әйелдердің тепе-тең құқықтарын, міндеттер мен мүмкіндіктерін айқын көрсету. Сондай-ақ отбасылық құндылықтарын насихаттау. Шараға кәсіптік білім беру орталығы мен "Елмұра" ұлттық танымдық мүшелері, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының маркетинг бойынша кеңесшілері мен студенттер қатысып,өз ойларын ортаға салды.