Күйші, композитор Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар аудандық саз мектебінің шығармашылық кеші өтті. 155 оқушы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Шара мектеп тарихынан сыр шертетін қойылыммен басталды. Ал, оқытушылардан құралған халық аспаптар оркестрі филармонияның ұлт аспаптары оркестрімен бірлесіп сахна төрінде өнер көрсетті. Кеште дәстүрлі ән сыныбы оқытушылары да қатысты. «Мұрагер» оқушылар оркестрі, «Кербез қыз» жетігеншілер ансамблі, «Айналайын» балалар хоры қатысты.