Мұғалжар ауданында әнші-сазгер Аймұрат Мәжікбаевты еске алу кеші өтті. Шараға марқұмның жақындары мен достары қатысып, өнер иесінің туындылары шырқалды. Аймұрат Мәжікбаев - өңір мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосып, әнмен кестелеген өнер адамы. Кеште сазгердің сырлы әндері орындалып, ел білмейтін қырларынан естелік айтылды.