Қарғалы ауданында егін жинау науқаны жалғасуда. Жауын-шашынға қарамастан жергілікті шаруалар егіннің 60 пайызын жинап үлгерген. Жиын-терім жұмыстарын он күн ішінде аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, қарғалылық аграрлар балық өсіру және өнімді қайта өңдеуді табысты дамытуда. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған ауданның тыныс тіршілігімен облыс әкімі Асхат Шахаров танысты