Кеше жолға шыққан «Ауыл аманаты – бабалар аманаты» экспедициясы Хромтау ауданына жетті. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов қолдауымен ауыл-аймақты аралап жүрген топ құрамында "Ақтөбе медиа" серіктестігі мен біздің арна тілшілерінен бөлек, бірнеше сала мамандары бар. Олар халыққа тиімді жолмен несие рәсімдеу жолын үйретті. Тіпті табыс әкелетін жобаларға жол сілтеді.