Енді есту қабілеті бұзылған жандар басқа елдегі азаматтармен емін-еркін сөйлесе алады. Бұған ым тілі аудармасы бар бейнеқоңырау қосымшасы көмектеседі. Мұны Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ойлап тапқан. "Сайн ап" деп аталатын өнертабыстың қалай жұмыс істейтінін арнамыздың түсірілім тобы біліп қайтты.