Рамазан - мұсылмандар үшін жақсы мүмкіндіктер айы. Ораза кезінде рухани жағынан ғана жаңармай, зиянды әдеттерден алыстап, өмір сүру салтын өзгертуге мүмкіндік бар. Бастысы денсаулығын түзеп алуға үлкен сеп. Осы орайда ораза ұстанған жан ағзасына зиян келтірмей әрі күні бойы сергек жүру үшін дұрыс тамақтану тәсілдерін дәрігерден сұрап білдік