Қаладағы ірі сауда желілерінің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына 28 пайыздық үстемеақы қосқан. Бұл талапқа қайшы. Дәлірек айтсақ, өңірде өндірілген күнбағыс майының құнын көтерген. Мұны облыстық кәсіпкерлік департаменті мен қаржы мониторингі агенттігінің облыстық басқармасы анықтады. Ақпан айында жүргізген мониторингтен соң іс уәкілетті органға жолданды. Кейін сауда желілеріндегі сұйық май құны 5-9 пайызға дейін арзандатылды. Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түріне бекітілген бағаны қадағалау ісі жалғаса береді.