Қалада Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар жалғасуда. Бұл жолы ірі ойын сауық орталықтарының бірінде Бауырсақ пати акциясы ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар бауырсақтан ғана емес қымыз, шұбат, құрт-ірімшік секілді қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Ал келіндер клубының мүшелері бауырсақтың бес түрін әзірлепті. Келушілерге жасалу жолдарын көрсетіп те берді. Тегін дәмнен қызыға ауыз тиіп жүргендердің арасында өзге ел азаматтары да бар.