Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында түрлі сала мамандарымен кездесулер өтіп тұрады. Мәселен бүгін ақын Қайырхан Жеңісбекұлы және зергер Нұржігіт Нұрланұлы жастарға сөз өнері мен зергерлік өнердің құндылығы туралы айтып берді. Көпшілік назарына зергерлік бұйымдары көрмесі де ұсынылды.