"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Бұл жолы тұрғындарды "Трансэнерго", "Ақбұлақ" акционерлік қоғамдарының және қалалық жұмыспен қамту бөлімнің басшылары қабылдады. Шара партияның "Айқын" жобасының аясында ұйымдастырлыды.
Қоғамдық қабылдаудың өтетінін бірнеше күн бұрын естіген тұрғындар, ертемен жиналыпты. Кезекте тұрғандардың көбі зейнеткерлер мен мүгедек жандар. Бірі тариф құны қаншаға қымбаттайды деп басшылардың өз аузынын естігу келсе, бірі коммуналдық қызметтерге жеңілдік сұрай келіпті.
Айына бірнеше мәрте ұйымдастырылатын, қоғамдық қабылдау түрлі тақырыпты қозғайды. Тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, шешімін табуға көмек береді. Бұл жолы тұрғындардың өзекті мәселесін коммуналдық мекемелердің басшылары тыңдады.
Тұрғындардың сұрақтарына толыққанды жауап беру үшін, қаладағы коммуналдық мекемелердің қызметкерлері келді. Жауапты мамандар тарифті қымбатсынып, жеңілдік сұрай келгендерге, мән -жайды анықтап түсіндіріп берді.
Қабылдауға келген біразының арыз-шағымы коммуналдық қызмет пен тариф құны төңірегінде болды. Мамандардың айтуынша, республика бойынша жылуға қойылған ең төменгі тариф Ақтөбеде. Қоғамдық қабылдау ұйымдастырғандар қала сыртында үй салып, су мен газ жеткізе алмай отырған тұрғындарға жуық арада көмектесетіндерін айтып, уәде берді.
Райгүл Еншібайқызы.