Жауынгерлермен жүздесу. Әлкей Марғұлан атындағы нөмірі 71-ші мектепте ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарға жауап алып, соғыс даласында болған түрлі оқиғаларды естіді. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін шараға арнамыздың түсірілім тобы қатысып қайтты