Жергілікті әкімдік, төтенше жағдайлар қызметі, су шаруашылығына жауапты мамандар көктемге дайындықты пысықтады. Мақсат - су тасқынын болдырмау.


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаевтың айтуынша, қала маңындағы үш су қоймасында әлі де қор сақтауға болады. Атап айтқанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары небәрі 32, кейбірі 54 пайызға ғана толы.


Сондай-ақ жанар-жағармай, инертті материалдар қоры әзірленді. Елді мекендерде қар шығару жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі қала мен аудан әкімдеріне тұрақты мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды