102 қызметіне хабарласу әлдеқайда жеңілдеді. Енді қандай да бір заңбұзушылықтың куәгері болсаңыз, бір батырманы басу арқылы бірден тәртіп сақшыларына хабар бере аласыз. Бұл үшін қала көшелеріне сос-батырмасы бар арнайы қондырғы орнатылды. Әзірге қаланың адам көп жүретін 10 аумағына қойылды. Батыс-2, Орталық стадион, Қарғалы ауылы мен Сәтбаев көшелерінде тұр.