"Марғұлан оқулары - 2018. Рухани жаңғыру және археологиялық мұра". Ақтөбеде осындай тақырыпта халықаралық конференция өтеді. Оған бірнеше мемлекеттен танымал ғалымдар шақырылып отыр. Халықаралық деңгейдегі шараны өткізуге дайындық барысы бүгін баспасөз мәслихатында белгілі болды.
1989 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан халықаралық конференция бұл жолы Ақтөбеде өтеді. Іс-шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы, "Қазақстанның қасиетті географиясы" және Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылады.
Конференция жұмысына Ресей, Әзірбайжан,Қырғызстан және еліміздің бірқатар қалаларынан ғалымдар келмек. Сондай-ақ, ірі музейлердің басшылары мен ғылыми зерттеу институттарының өкілдері шақырылған.
Бірнеше мемлекеттердің танымал ғалымдары жиналатын конференция сәуірдің 19 мен 20 аралығында өтеді.
Әнуарбек Мырзатайұлы