Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Болашақ" шағын ауданындағы және Ақшат-2 ауылындағы мектептердің құрылысымен танысты. Жаңа білім беру нысандары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда. Ақшат-2 ауылында аумағы 6,4 мың шаршы метр болатын 300 орындық заманауи мектептің құрылысы жүргізілуде. Жоба құны 900 млн. теңгеден асады. Биыл желтоқсан айында тапсыру жоспарланып отыр. Осындай мектеп Болашақ шағын ауданында да тұрғызылуда. Онда да  оқушылар биыл қабылданбақ. Әрқайсысы 600 орындық тағы екі мектеп Ясный ауылы мен Сүт зауыты ауданында салынуда. Өңірде салынып жатқан 25 жаңа мектептің 10-ны ендігі пайдалануға беріліп те қойған. Жыл соңына дейін тағы бес мектепті ашу жоспарда бар.