Бұл ауданда 30 шаура қожалығын әйелдер басқарады. Олардың бірі Ажар Сапарова - Ойыл ауданы Саралжын ауылының тұрғыны. Жеке қожалық ашқан. Жаз бойы 200-ге жуық түтіні бар ауылдың малына жем-шөп әзірлейді. Мереке қарсаңында Аймақтық кәсіпкерлер палатасының атынан алғыс хатпен марапатталды.
АЖАР САПАРОВА, "ОРЫНША" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ
Нұржамал Әліп те аудан орталығынан дүкен, наубайхана, кондитерлік цех ашқан. Қазір 45 адамды жұмыспен қамтып отыр.
НҰРЖАМАЛ ӘЛІП, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Ойыл ауданында әлі де кәсіпкерлік ашамын деген қыз-келіншектер жетіп артылады. Бірі тары қуырып, жарма дайындауға тапсырыс алуды көздесе, енді бірінің Ойыл өзенінің су қорынан құтыға құйылған ауыз су өндіру жоспарлары бар екен. Аудандағы іскер әйелдер кеңесінің мүшелері мен Ақтөбе қаласында тұрақты бизнес ашып, табысқа кенелген нәзік жандылар жиналғандармен тәжірибе бөлісті.
РОЗА БЕКЕШОВА, "ЕРКЕ СЫЛҚЫМ" ТІГІН ЦЕХЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жиын барысында ауданның шағын және орта бизнесін дамытып жүрген кәсіпкерлер марапатталды. Кездесуге арнайы шақырылған қыз-келіншектердің әрқайсысы отбасының ырыс-берекесін сақтай отыра, қолға алған шаруасын ширатып, шалғай аудандағы жұмыссыздық мәселесін шешуге атсалысқан жігерлі жандар.Сол үшін де оларға алғыс айтылды. Ақтөбе облысы іскер әйелдер кеңесінің мүшелері ауданның қыз келіншектерін қоян, құлпынай өсіру, омарташылық сынды дәстүрлі емес шаруа көздерін ашуға шақырды.
КҮЛПАРШЫН АЙДАРХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Кеңес отырысының ресми сәтінен кейін, аудандағы іскер ханымдарға 8 наурызға орай мерекелік дастархан да әзірленді. Ер азаматтар жиналған ақ жаулықты аналар мен қыз келіншектерге гүл ұсынды. Аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева Ойыл өңірінің кәсібін дамытуға ат салысып жүрген аяулы жандарды, оларға қолдау білдіріп келген іскер әйелдер кеңесінің мүшелерін мерекелерімен құттықтады. Ойылдық өнерпаздар, жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлап, әннен шашу шашты.
Әлия Оразай