Бүгін елордада “Astana Media Week-2025” апталығы басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастыруымен қолға алынған дәстүрлі іс-шара биыл 9-шы мәрте шымылдығын түрді. “Ұлтқа қызмет ету-медиа миссиясы” .
3 күнге созылатын Орталық Азиядағы ең ірі медиа апталығының тақырыбы осылай аталады. Отандық медиаиндустрияны дамыту және іскерлік қатынасты күшейту бағытындағы апталыққа қазақстандық және алыс-жақын шетелден келген 65 спикер қатысуда.
Еліміздегі басты коммуникация алаңында Жасанды интеллект және журналистика, медиаэтика, деректі фильм тақырыптары талқыланып, жаңа идеялар ортаға салынады. Шара аясында еліміздің ең үздік баспасөз хатшылары анықталып, “Үркер” ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталады.
Сонымен қатар, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Төлен Әбдікпен кездесу өтті.