"АСТАНА ОПЕРА" ТЕАТРЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Өңірімізге гастрольдік сапармен келген "Астана Опера" театрының жұлдыздары шаһар төрінде өнер көрсетті.
Опера труппасының солистері мен симфониялық оркестр музыканттарынан құралған жұлдызды топ халық арасында кеңінен таралған «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебек», «Айсұлу» шығармаларын орындады.
Сөйтіп қалың көрерменнің қошеметіне бөленді.