Қала жұмыспен қамту жоспарын ерте әрі артығымен орындады. Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдасы бойынша 17 124 адамды еңбекпен қамту көзделген болатын, алайда жоспар биылдың өзінде артығымен орындалды.
Былтырдан бері 17 530 адам тұрақты жұмысқа орналасып, көрсеткіш 102 пайызға жетті.