Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында Мемлекет басшысы әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға ерекше назар аударды. Елдегі қылмыстық-атқару жүйесінің мақсаты – сотталған азаматтарды жазалау емес, оларды түзету болуы тиіс екенін ескертті. Ал балалар қауіпсіздігіне келер болсақ, жаңа оқу жылына дейін мемлекеттік және жеке меншік мектептердің барлығы да қауіпсіздікке қажетті арнайы құралмен жабдықталуы тиіс. Осылайша қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз, дейді Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры.